Қала мен сала

Жаңа зауыт салынады

Қытайлық компания Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салады. Бұл жаңалықты елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жария етті.

Зауыт салу туралы қытайлық Shenzhen Energy Environment компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойылған. Жоба қалдықтарды кәдеге жарату бойынша жоғары технологиялық кешен құруды көздейді. Құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталып, 2029 жылға қарай аяқталады. Жаңа зауыт тәулігіне 1,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып, 50 МВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік бермек.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button