Қоғам

«Таза Қазақстан»: онлайн-платформаға астаналықтардан 3500-ден астам өтініш түсті

Елорда тұрғындары «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы абаттандыру, көгалдандыру, жол жөндеу және басқа да мәселелер бойынша өтініш жібере алады. Қызмет қала тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әрбір қала тұрғыны абаттандыруға қатысты кез келген мәселені «Таза Қазақстан» платформасында көрсете алады.

Жүйе іске қосылған сәттен бері 3502 өтініш қабылданған. Оның ішінде 3127-сі орындалды, 27 өтініш орындау кезеңінде, қалғандары өңделу үстінде.

Тұрғындар көтерген негізгі мәселелер – аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру, жолдарды жөндеу, көгалдандыру, рұқсатсыз қоқыс орындарын жою.

Барлық өтініш уақытылы қаралып, бұл тұрғындардың қолайсыздықтарын азайтуға мүмкіндік береді.

«Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы – тұрғындармен жедел әрі ашық өзара байланыс орнату.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button