Қоғам

Зейнеткерлер мәдени-қайырымдылық іс-шара өткізді

Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Нұрлы жүрек» орталығымен бірлесіп, жүрекке жылу сыйлаған мәдени-қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – екі орталық арасындағы әлеуметтік байланысты нығайту және балаларға қуаныш сыйлау болатын. Концерт барысында зейнеткерлер ертегіден шағын қойылым қойып, балалардың көңілін көтерді. Ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш етті. Балалар да белсенді қатысып, ойындарға қатысып, ұйымдастырушылармен бірге би билеп, көтеріңкі көңіл күйде болды.

«Біздің әжелер балаларға өз қолдарымен арнайы сыйлықтар дайындап әкелді. Шара өте әсерлі, мейірімді атмосферада өтті» – деді Орталықтың мәдени ұйымдастырушысы Бибігүл Байгужина.

Зейнеткерлердің айтуынша, мұндай кездесулер балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, эмоционалдық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Кеш соңында орталық атынан «Нұрлы жүрек» мекемесіне естелік сыйлықтар табысталды. Бұл – үлкендердің балаларға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығының белгісі. Жиынға Сарайшық ауданы ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясы мен қала ардагерлері де қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button