Ел тынысы

 Астаналық джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионы атанды

Елордалық джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатында алты алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында джиу-джитсудан ересектер және U21, U18, U16 жас ерекшеліктері бойынша өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы байрақты бәсекеге әлемнің 59 мемлекетінен 1095 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Елорда құрамасы бұл додада жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 6 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Астана қаласының чемпиондары: • Мерей Қабдоллаев – U21, 85 кг, неваза; • Әбдірахман Алиакпаров – U16, 77 кг, неваза; • Кемаль Рузахунов – U16, 69 кг, неваза; • Әли Әлибек – U16, +77 кг, неваза; • Линара Безрукова – U16, 57 кг, неваза; • Анеля Цой – U18, 48 кг, неваза.

Күміс жүлдегерлер: • Бекзат Қазтаев – ересектер, 56 кг, неваза; • Камила Капан – U18, 52 кг, неваза.

Қола жүлдегер: • Жәмилә Мехдиева – U16, 48 кг, неваза.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button