Қоғам
Астанада қазақ күресінен жастар турнирі өтті

Астанадағы «Өндiрiс» спорт кешенінде қазақ күресінен жастар арасында «Жас Сарбаз барысы» турнирі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Турнирдің ұйымдастырушысы – «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы. Іс-шара Астана әкімдігінің қолдауымен өтті.
Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында ұлттық қазақ спорт түрлерін танымал ету, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу.
«Бүгін мұнда жиырмадан астам жас спортшы күш сынасып жатыр. Олардың барлығы – біздің әскери-патриоттық қозғалысымыздың қатысушылары. Ең үздіктері республикалық деңгейдегі жарыстарда Астананың атынан сынға түседі», – деді «Жас Сарбаз» қалалық филиалының төрағасы Айдархан Маханбет.



