Қоғам
Қазақ полицейінің ерлігін арқау еткен фильм жарық көрді

«Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Еліміздің кинотеатрларында 23 қазаннан бастап «Қазақфильм» киностудиясының «Капитан Байтасов» атты көркем фильмі көрсетіле бастайды.
Фильм нақты оқиға желісі негізінде түсірілген және 2011 жылы Тараз қаласында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған.
Картинаны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
Көркем фильмнің премьерасы 23 қазанда өтеді. Онда басты рөлдерді Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Дархан Сүлейменов және Қобыланды Болат сомдайды.