Қоғам

«ҮРКЕР – 2025» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау жалғасуда

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР – 2025» ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінімдер 2025 жылғы 20 қазанына дейін қабылданады.

Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығындареспубликалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:

• Жылдың үздік сұхбаты
• Жылдың үздік репортажы
• Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
• Жылдың үздік журналистік зерттеуі
• Жылдың үздік аналитикалық материалы
• Радиостанциядағы үздік жоба
• Жылдың үздік фотосуреті
• Жылдың үздік жаңалықтар порталы
• Жылдың үздік өңірлік БАҚ
• Жылдың үздік подкасты
• Жылдың үздік YouTube-арнасы

Жұмыстарды беделді журналистерсаланың еңбексіңірген қайраткерлері мен медиасарапшыларданқұралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР – 2025» естелік мүсіншесіжәне 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақытабысталады.

«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы – баспа, радио жәнеинтернет-журналистика саласындағы үздікжетістіктер үшін беріледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button