Құқық

Астанада нашақорлыққа қарсы күрес күшейді

Астанада нашақорлыққа қарсы күрес күшейді. Есірткі жасырып кетіп жүрген екі адам ұсталып, түрмеге қамалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары прокуратурамен және тиісті мемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып, елорда көшелерінде есірткінің таралу фактілерін анықтап, жолын кесуде, сондай-ақ алдын алу шараларын ұйымдастырып жатыр.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы психотропты заттарды өткізуді көздеген елорда тұрғынын ұстады. Тінту кезінде оның үйінен жалпы салмағы 8,17 грамм болатын α-PVP психотропты заты салынған 20 орама табылып, тәркіленді.
Тергеу мәліметінше, әйел адам әлеуметтік желі қолданушылардың бірімен алдын ала келісім жасаған.
Сот күдіктіні жеті жылға бас бостандығынан айырды.
Тағы бір жағдайда шетел азаматы Астанаға келіп, Telegram мессенджері арқылы белгісіз тұлғамен келісіп, «есірткі жасырып кетуші» ретінде жұмыс істегені анықталды. Тінту барысында полицейлер оның қалтасынан α-PVP есірткі заты салынған бес орама тапты.
Сот оның кінәсін мойындап, шын өкінгені, сондай-ақ үшінші топтағы мүгедек екенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
«Заң және тәртіп» аясында елордада бірқатар кешенді шара жүзеге асырылып жатыр. Оған бірлескен рейдтер, оқу орындарында профилактикалық кездесулер өткізу және тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтап, жою жұмыстары кіреді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button