Қоғам

«Тұлпар» тұрғын үй кешенінде өрттен бүлінген пәтерлердің 90%-ы жөнделді

Астанада қыркүйек айында өрт шыққан «Тұлпар» тұрғын үй кешенінде (Достық көшесі, 12/1) қалпына келтіру жұмысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда жөндеу жұмысының 90 пайызы орындалды, тұрғындардың көбі өз пәтерлеріне қайта қоныстанған. Зақымдалған пәтерлер мен ғимараттың қасбетін қалпына келтіру «Karima» кафесінің иелері есебінен жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Өрт 18 қыркүйек күні таңғы сағат төрт шамасында ғимараттың бірінші қабатындағы «Karima» кафесінде шыққан. Жалын бірнеше пәтер мен кеңсе бөлмелерін зақымдаған.

Есіл ауданының әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлының айтуынша, қалпына келтіру жұмысы оқиға болған сәттен кейін бірден басталған:
«Қазір 11 пәтердің жөндеуі толық аяқталып, тұрғындар қайта қоныстанды. Сонымен қатар екінші қабатта орналасқан кеңселердің жұмысы да қалпына келтірілді», – деді әкім.

Зардап шеккен бес пәтерде капиталды жөндеу жүргізілсе, қалғандарында әрлеу және қалпына келтіру жұмысы орындалған.

Үй тұрғыны Болатжан Бимұрзин өз әсерімен бөлісті:
«Өрт болған күні-ақ құрылыс материалдарын жеткізіп, жұмыс бірден басталды. Жөндеудің сапасын өзіміз қадағалап отырмыз, бәріне ризамыз. Біз үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр».

Қазіргі уақытта терезелерді орнату мен қасбетті қаптау жұмысының соңғы кезеңі жүріп жатыр. Қасбеттік жұмыстардың 90 пайызы аяқталған.

«Karima» кафесінің басшысы Сапарбай Төрекұлов та өз пікірін білдірді:
«Өрттен зардап шеккен тұрғындарға қажетті заттарды алып беріп, қаржылай көмек көрсетіп жатырмыз. Жөндеу жұмысы аяқталды. Бұл біз үшін үлкен сабақ болды.

ұндай жағдайдың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз», – деді ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button