Ел тынысы

Елордада алғаш рет Қазақстан-Беларусь аграрлық форумы өтеді

Елордада KazAgro/KazFarm-2025 көрмелері аясында бірінші рет Қазақстан-Беларусь аграрлық форумы өтеді. Бұл туралы Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Богданов айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

— 22-24 қазан күндері елордада алғаш рет Қазақстан-Беларусь аграрлық форумы өтеді. Бұл іс-шара сүт және ет шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы салаларын дамытумен айналысып жүрген барлық аграршы үшін пайдалы болмақ. Үлкен үш секция болады. Бірінші секция мал шаруашылығы мен жануарлардың ветеринарлық саулығына, екіншісі өсімдік шаруашылығы мен өсімдіктердің қорғау мәселесіне, ал үшінші секция мал шаруашылығында да, өсімдік шаруашылығында да өнім өндіру тиімділігін қамтамасыз ететін машиналарға және жабдықтарға арналады, — деді елші.

Оның атап өтуінше, форум аясында бірқатар келісімшартқа қол қойылады. Келісімшарттардың болжамды сомасы 50-60 млн долларды құрамақ. Сондай-ақ ол Қазақстанның шикізаттан қосылған құны жоғары өнім алуға бағытталған саясатын жоғары бағалады.

— Біз бір тонна шикізаттан қосылған құны жоғары өнім алу үшін терең өңдеуге баса мән беріп отырмыз. Экспортымыз шикізатқа емес «Беларусьте жасалған» брендімен терең өңделген өнімді сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған. Бүгінде Қазақстанда дәл осы саясатты белсенді жүргізіп отыр. Бұл өте дұрыс. Осы мақсатта бірінші аграрлық форумды ұйымдастырмақпыз. Дәл осы саладағы тәжірибелерімізбен, жетістіктерімізбен, технологияларымызбен бөліскіміз келеді. Меніңше бұл екі тарапқа да пайдалы болмақ, — деді Алексей Богданов.

ExpoGroup компаниясының директоры Шолпан Қожабаева KazAgro/KazFarm-2025 көрмесі биыл 16-шы рет өтетіндігін айтты.

— KazAgro/KazFarm көрмелері Орталық Азиядағы, жалпы ТМД елдеріндегі ең үлкен, ауқымды аграрлық көрме саналады. Бүгінде көрмеге әлемнің 25 елінен 300-ге жуық компания тіркелді. Олардың бірі — Беларусь. Осындай көрмелердің арқасында отандық өнімдерімізді экспортқа шығаруға көмектесеміз. Шетелдік инвесторлар мен шаруа қожалықтары арасындағы байланысқа дәнекер боламыз, — деді ол.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button