Қоғам

Астанада 11 қазанда жалпы қалалық сенбілік өтеді

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акция аясында елордада 11 қазан күні кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында қала аумағы қоқыстан тазартылып, саябақтар мен гүлзарлар, аулалар және сауда, қоғамдық тамақтану нысандарының маңайы ретке келтіріледі. Сонымен қатар елорданың алты ауданында ағаш отырғызу жұмысы жүргізіледі.

Әкімдік кәсіпорындар мен ұйымдарды, тұрғын үй иелері бірлестіктерін (МИБ, ПИК), шағын және орта бизнес өкілдерін, еріктілер мен белсенді қала тұрғындарын сенбілікке қатысуға шақырады.

Экоакцияның басты мақсаты – елорданың тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару және экологиялық мәдениетті дамыту.

Қала көшелері мен аулаларының көркейіп, таза болуы үшін кез келген қала тұрғыны өз үлесін қоса алады.

Сенбілік таңғы сағат 10:00-де басталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button