Шаһар шежіресі

«К-700» шеруі

1974 жыл Тыңның 20 жылдығына сәйкес келген, кезінде Ұлы төңкеріс күні деп аталған 7 қараша мейрамынан түсірілген мына кадрда қазақ жерінің астан-кес­тенін шығарып, жер жыртқан K-700 Кировец тракторының бір шоғыры шеруді бастап келеді.

Ауыл шаруашылығының алып машинасы 1969 жылдан бері шығарылған, трактордың қуаты мен әмбебаптығы шаруалықтың түрлі саласына сай келсе де К-700 өндірісі 2002 жылы тоқтатылды.

Оның қала тарихымен де бір байланысы бар. 1979 алғашқы тың игерушілерге арнап сол кездегі Целиноград қаласының қақ ортасына алып тракторды орнатады. 28 жыл тың эпопеясын еске салып тұрған ескерткішті 1997 жылы тұғырынан алып тастайды. Ол кезде бұл қала тың емес қазақтың астанасына айналған еді.

Жаңа астананың стилі мен рухына мүлдем сәйкес келмейтіні үшін алынып тасталған ескерткіш-тракторды тың жерлерді игерудің 60 жылдығында іздеп, Астанаға қайтару туралы әлеуметтік желіде қызу талқыға салып, қайтадан ел назарына ілікті. Тіпті трактор иелері ескерткішті қалаға қайтаруға да келіскен-ді.

Алайда уақыт кері бұрылмайды, бүгінде дәл осы трактор қалпына келтіріліп, қазір «Родина» шаруа қожалығының егіс алқабында екпіндетіп жыртып, шаңды аспанға ұрып жүр. Алып тракторды ауылға тапсырған сол кездегі қала басшысы Бөлекпаевтың атымен «Аманжол» деген жаңа атау беріпті.

Ғазиза ИСАХАН

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button