Ел тынысы

«Қазақстанның салауатты қалалары» республикалық форум өтеді

2025 жылдың 13 қазанында Астанада «Қазақстанның салауатты қалалары» атты алғашқы республикалық форум өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
🔷

Бұл ауқымды шара еліміздің қалаларын «Салауатты қалалар» ұлттық желісіне біріктірудің негізгі алаңы болмақ. Форум заманауи тәжірибелермен бөлісуге, тиімді стратегияларды талқылауға және жайлы, сау әрі тұрақты қалалық ортаны қалыптастыру бойынша бірлескен шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік ашады.
➡️

Форумның мақсаты — Қазақстан қалаларына «Қазақстанның салауатты қалалары» ұлттық желісіне қосылуда әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсететін мықты республикалық платформаны құру.

Форум аясында төрт тақырыптық пленарлық сессия өтеді:

«Салауатты қала: тұрақты дамудың стратегиясы» — желінің ұғымы мен мақсаттарымен таныстыру, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық бастамасындағы Алматының тәжірибесі, денсаулық факторы ретінде бұқаралық спортты дамыту.

«Болашақ ұрпақтың білімі мен денсаулығы» — мектептердің балалар денсаулығын нығайтудағы рөлі, физикалық белсенділікті ынталандыру, жастар орталықтары арқылы жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қолдау.

«Барлық жасқа арналған қала» — «Салауатты университеттер», «Салауаттыжұмыс орындары» бастамалары және белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары — инклюзивті қалалық саясаттың негізі.

«Серіктестік және секторалық өзара іс-қимыл» — ҮЕҰ мен бизнестің салауатты өмір салтын қалыптастыру мен халық денсаулығын нығайтудағы үлесі.

Форум бастаманың даму мүмкіндіктерітуралы пікірталаспен қорытындыланып, елімізде жобаны жүзеге асыруға арналған жол картасын қабылдау туралы резолюцияны бекітумен аяқталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button