Ел тынысы

Астаналық балабақша меңгерушілері Түркияда ұлттық зияткерлік ойындарды насихаттады

Астана қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері Түркия Республикасының Амасья қаласында өткен «Ұлттық зияткерлік ойындар және жаһандық мәдениет» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысып, қазақтың ұлттық ойындарын таныстырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстан атынан делегацияны бастап барған Астана қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Лаура Мошкаловна болды. Семинар барысында тоғызқұмалақ, мангала және бестемше секілді ұлттық ойындар халықаралық қауымдастыққа кеңінен таныстырылып жарыс өткізілді.

Атап айтқанда, №5 «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Мөлдір Жолбарысова алаңда ойналатын авторлық ойыны «Алаңдағы Бестемшені таныстырып, алғаш рет осы ойын түрінен әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Ал №61 «Шолпан» балабақшаның меңгерушісі Әйгерім Серікқызы бұл ойынды инклюзивті бағытта балаларға бейімдеу арқылы ерекше тәжірибе ұсынды. Ал №73 «Аяулым» балабақшасының меңгерушісі Венера Қаренеева «Бескеней» ұлттық ойыны бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, астаналық делегация халықаралық сайыста айрықша жетістіктерге жетті.

Атап айтқанда:
Алаңдағы «Бестемше» ойыны бойынша:
• І орын – Қазақстан құрама командасы;
• ІІ орын – Қырғызстан;
• ІІІ орын – Испания.

Жеке жетістіктер:
Алиса Нұртас – №5 «Ақбота» балабақшасының спорт нұсқаушысы, «Бестемше (рапид)» – III орын;
Гүлмира Таукебаева – №47 «Ақжелкен» балабақшасының спорт нұсқаушысы, «Бестемше (рапид)» – III орын;
Жанболат Дәрімбетов Әдістемелік орталықтың әдіскері – Бестемше (блиц) – III орын; Бестемше (рапид) – II орын.

Бұл бағытта мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби өсіп-жетілуі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу ісі қатар жүргізіліп отыр.

Іс-шараны Бестемше, тоғызқұмалақ және мангала ойындары қауымдастығы мен Амасья қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button