Әлеумет

Елордалық каратэшілер ел біріншілігінде 15 алтын медаль еншіледі

Алматы қаласында киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге еліміздің 15 облысы мен қалаларынан 600-ге жуық спортшы қатысып, кумитэ, ката және комбат жүйелері бойынша өзара сынға түсті. Жарыс ерлер мен әйелдер, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар санаттарында ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Елорда құрамасы бұл додада жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 15 алтын, 12 күміс және 13 қола медаль иеленді. Чемпионаттың қорытындысы бойынша Астана қаласы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды.
Нәтижелер:
Жасөспірімдер (12-15 жас) санатында:
1-орын: Нұрислам Ілесбай (40 кг);
1-орын: Амира Аққазинова (50 кг);
1-орын: Ерасыл Ермек (50 кг);
1-орын: Санжар Ермек (55 кг);
2-орын: Санжар Бекболатов (65 кг);
2-орын: Елмұрат Түйшіев (50 кг);
2-орын: Даниял Сазанбаев (55 кг);
2-орын: Нұрмұхаммед Аманкелді (40 кг);
3-орын: Абылайхан Мұхаммедқали (50 кг);
3-орын: Айбек Темірбек (55 кг);
3-орын: Нұрбек Жұматай (40 кг);
3-орын: Ілияс Ерболұлы (55 кг);
3-орын: Аяулым Құрманова (50 кг);
3-орын: Жасмин Есенбаева (45 кг);
3-орын: Әдия Орал (55 кг);
3-орын: Толғанай Сүндетбай (55 кг);
3-орын: Бекзат Омаров (65 кг).
16-17 жас санатында:
1-орын: Ратбек Батырхан (70 кг);
1-орын: Әсия Ай (55 кг);
2-орын: Жаннұр Нұрхайдаров (60 кг);
2-орын: Бексұлтан Айтмағанбет (75 кг);
2-орын: Береке Асылхан (65 кг);
2-орын: Мұхаммет Ай (75 кг);
3-орын: Таир Үлжебаев (60 кг);
3-орын: Мариям Менеева (55 кг).
Жастар (18-20 жас) санатында:
1-орын: Абдуқадыр Мұрат (60 кг);
1-орын: Асылхан Береке (65 кг);
1-орын: Ержанова Жания (60 кг);
3-орын: Сабиханов Нурали (60 кг);
3-орын: Әмірәлі Жанарыс (70 кг).
Ерлер мен әйелдер арасында:
1-орын: Ғалымжанова Гүлназым (50 кг);
1-орын: Қырғи Бибатыр (55 кг);
1-орын: Қойшыбай Мұхаммедәлі (60 кг);
1-орын: Асубаев Әлихан (65 кг);
1-орын: Ракишева Улжан (65 кг);
2-орын: Сағындық Әділжан (80 кг);
2-орын: Сауытова Мадина (50 кг);
2-орын: Жамединова Еркеназ (60 кг);
2-орын: Гүлназ Изтанатова (65 кг);
3-орын: Мұрат Абдуқадыр (60 кг).

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button