Құқық

Заң мен тәртіп: сотталғандардың құқықтары қорғалуда

«Заң мен Тәртіп» нарративін іске асыру шеңберінде Астана қаласының прокуратурасы ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ұжымдарымен Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларының ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс кездесулерін өткізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Атап айтқанда, сотталғандардың білікті заңгерлік немесе медициналық көмек алу үшін телефон арқылы сөйлесу құқығын қамтамасыз етуге, өтініштер мен шағымдарды қарау тәртібіне, оның ішінде бұзылған құқықтарды сот арқылы қорғауға, сондай-ақ азаптауларға, қатыгездікке немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынасқа жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша қызметкерлерге Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларының нормаларын күнделікті қызметінде қолдану бойынша практикалық ұсынымдар берілді, сондай-ақ мекемелерде ұсталып отырған адамдардың құқықтарын сақтау туралы жеке жауапкершіліктері жеткізілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button