Қоғам

Астаналықтардан онлайн-платформаға 3000-нан аса өтінім түсті

Елорда тұрғындары абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жөндеу мәселелері бойынша өтінімдерді «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы жолдай алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әкімдік атап өткендей, қызмет қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.

— Әрбір қала тұрғыны «Таза Қазақстан» платформасында абаттандыруға қатысты өз проблемасын жеткізе алады. Жүйе іске қосылғаннан бері 3158 өтінім түскен, оның 2803-і орындалды, тағы 39-ы — іске асу сатысында, қалғандары — қаралу үстінде, — делінген хабарламада.

Өтінімдерде көтерілген негізгі мәселелер — аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру, жолдарды жөндеу, көгалдандыру, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою.
Барлық ескерту дер кезінде қаралып, тұрғындарға қолайсыздықты азайтуға мүмкіндік береді.

«Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы — тұрғындармен жылдам әрі ашық өзара байланыс орнатуында.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button