Елорда тынысы

Шебер аспаздар сайысы

Астанада VI Халықаралық «Astaufest 2025» гастрономия­лық фестивалі аясында «Жылдың бас аспазы – 2025» байқауы өтті.

Қалалық Білім басқармасының қолдауымен Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – Халықаралық аспаздар күні мен техникалық және кәсіптік білім беруді интернационализациялау аясында шетелдік білім беру ұйымдары және кәсіпорындарымен өзара ынтымақтастық орнату.

Негізі, VI Халықаралық «Astaufest 2025» гастрономиялық фестивалі аясында өтіп жатқан байқаулар қаладағы бірнеше орында ұйымдастырылып, жалпы саны 230 қатысушы осы байқауларда өздерінің аспаздық шеберліктерін танытты.

– Бұл – дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін аспаздар сайысы. Мұнда тәжірибелі аспаздар мен колледж студенттері өзінің бағын сынай алады. Фестивальге еліміздің 15 өңірінен 45 оқу орнынан студенттер келді. Сондай-ақ шетелден қатысушылар мен сарапшылар қатысып отыр. Олардың ішінде комиссия төрағасы, «Мишлен» жұлдыз иегері, Огюста Эскофье кавалері, Бельгия және француз тағамдарының метрі Jean Achner бар. Қатысушылар он-оннан тамақ әзірлейтін асханаға кіріп, 1 сағаттың ішінде ыстық тамақ және басытқы дайындады. Жыл аспазына Гран-при және басқа жеңімпаздарға жүлделі орындар беріледі. Мұндай байқаулар жұмысшы мамандығының беделін арттыруға және нығайтуға көмектеседі. Аспаз мамандығы қаншалықты бағалы екендігін, сұраныста екенін дәлелдейтін және қатысушыларға рух беретін фестивальдеріміздің бірі, – деді фестивальдің сарапшысы, тәжірибелі аспаз Манас Ысқақ.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button