Басты ақпаратҚала мен сала

Жылыту маусымы басталды

Биыл Астанада ауа райының күрт салқындауына байланысты жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталды. Қазіргі таңда нысандарға жылу беру кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Олар 30 қыркүйекке дейін толықтай қосылып бітеді.

Астана қаласы Энергетика бас­қармасының бас­шысы Нұрлан Көпешовтің айтуынша, жылыту маусымына дайындық кезінде келесі жұмыстар орындалды: Энергия көздері бойынша №1 ЖЭО-ның дайындығы 100%-ды (1 құбыр күрделі жөнделді және 9 қазандық пен 2 құбырға ағымдағы жөндеу жүргізілді), №2 ЖЭО-ның дайындығы 99 %-ды (2 қазандық пен 1 құбыр күрделі жөнделді және 9 қазандық пен 5 құбырға ағымдағы жөндеу жүргізілді) және аудандардағы қазандықтардың дайындығы 100%-ды құрады.

– Қолда бар жылу қуаты сағатына 4104 Гкал құрайды, оның ішінде: №1 ЖЭО-да – 794 Гкал/сағ; №2 ЖЭО-да – 1 917 Гкал / сағ; №3 ЖЭО-да – 468 Гкал/ сағ; «Оңтүстік-Шығыс» МВК – сағатына 350 Гкал; «Тұран» МВК 575 Гкал/сағ; Аудандық қазандық-сағатына – 46,09 Гкал/сағ. Көмір қоры: №1 ЖЭО-да – 33 431 тонна; №2 ЖЭО-да – 354 181 тонна; Мазут қоры (жағу үшін): №1 ЖЭО-да – 3 018 тонна; №2 ЖЭО-да – 4 231 тонна. «Астана-Энергия» АҚ бойынша жалпы дайындық 99% құрайды. Энергетика басқармасының жылу көздері бойынша №3 ЖЭО-ның көмір бөлігінде, күл үйіндісі, сондай-ақ «Тұран» газ жылу станциясының құрылысы жалғасуда, – деді Нұрлан Көпешов.

Жылу желілері бойынша «Астана-Теплотранзит» АҚ жұмысы аясында 7,7 км жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде (ағымдағы жөндеу – 1,5 км, қайта жаңарту – 6,2 км). Сондай-ақ қолданыстағы жылумен жабдықтау желілерін сығымдау 100% аяқталды. Жалпы дайындық – 100%.

Нұрлан Маратұлының айтуынша, Астана қаласының энергетика басқармасының жұмысы аясында №14 жылу магистралінің және елорданың сол жағалауында жылу желілерінің құрылысы, салынып жатқан «Эллингтон» перспективалы ойын-сауық орталығының ауданында жылу желілерін салу жүргізіліп жатыр. Электрмен жабдықтау желілері бойынша «Астана-АЭК» АҚ бойынша электр желілерінің жалпы дайындығы 100%-ды құрайды.

Инвестициялық бағдарлама шеңберінде «Астана-АЭК» АҚ-да ӘЖ/КЛ-10/0,4 кВ – 79,015 км және РП/ТП-10/0, 4 кВ – 64 дана күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілуде.

Басқарманың электрмен жабдықтау желілері бойынша 110/20 – «Арай» КС құрылысы, сондай-ақ аудандарда – «Нұрлыжол» вокзалы, «Бытығай», Мәңгілік ел даңғылында (Ұлттық банк) және Қорғалжын тас жолында, № 1 Индустриялық парк, Тұран даңғылының оңтүстік-батыс ауданында, сондай-ақ БЖК жобалары бойынша 12 РП/ТП құрылысы жүргізілуде.

Газбен жабдықтау желілері бойынша «QazaqGazAimaq» АҚ-ның жылыту маусымына жалпы дайындығы 100%-ды құрайды.

Жылыту маусымына дайындық шеңберінде – 52 ГРП, 118 МГРП техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар, сондай-ақ 26 ГРП, 59 МГРП және 277 ШРП ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар орындалды.

Энергетика басқармасында тұрғын алаптардың тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жобаларды іске асыру жүргізілуде. Бүгінгі күні Шұбар тұрғын алабында 7,9 км газ құбырына апаратын жолдың 6,9 км-іне, Тельман тұрғын алабының 6,7 км-ге жеткізетін газ құбыры бойынша 6,6 км-іне және Кирпичный тұрғын алабының теміржол бойына 16,8 км жолының 15,0 км-іне газ жүргізілді.

Басқарма басшысы жанармай жағдайы бойынша жеке тұлғалар үшін газ тарифі – текше үшін 50,4 тг. екенін ескере келе, көмір көлемі бойынша күзгі-қысқы маусымда көмірге қажеттілік 300 мың тоннаны құрайтынын жеткізді. Ақмола облысының шекаралас ауылдарының тұтынуын ескере отырып 1 мамырдан бастап 185 мың тоннаны құрайды.

Бүгінгі таңда халық үшін көмір қоры – 30,1 мың тонна. Қазіргі күні орташа Шұбаркөл көмірінің тоннасы – 18 000 тг; Қаражыра көмірінің тоннасы 18 500 тг және Майкөбе көмірінің тоннасы – 15 500 тг. Жалпы, Астана қаласы бойынша халық үшін 10 қойма, яғни 14 көмір сату нүктесі бар.

– Дизель отыны бойынша айтар болсақ, бүгінгі таңда Астанада мұнай базаларындағы дизель отынының қоры – 37,7 мың тонна (37 күндік қор), оның  1 литрінің бағасы – 317 тг. Елорданың сұйытылған мұнай газына қажеттілігі 8,7 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда қор 1,8 мың тонна болса, автогаз бағасының бір литрі – 112 теңге. Тұрғын үй қоры объектілерін жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыс жоспарлы тәртіппен жүргізілуде. Қазіргі таңда қаладағы 3488 үйдің 3488-і және әлеуметтік мәдени тұрмыстық 247 үйдің 247-сі, яғни нысандар 100% жылумен қамтылған, – деді Нұрлан Көпешов.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button