Қала мен сала
Астанада жылыту маусымы басталды

Астанада жылыту маусымы басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қаладағы сыртқы ауаның төмендеуіне байланысты елордада тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды.
Бұған дейін әлеуметтік нысандар — мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер — өтінімдеріне сәйкес жылумен қамтамасыз етілген болатын.
Қаладағы барлық нысандарды қосу алдағы күндері кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.