Құқық

«Астана есірткіге қарсы» айлығы өтуде

 Елорда прокуратурасы мен Білім басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен «Астана есірткіге қарсы» айлығы басталды. Шара бір ай көлемінде қаладағы барлық білім беру ұйымдарын қамтиды.

Айлықтың негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, интернет кеңістігінде есірткі жарнамасының жолын кесу және кибербуллингтен қорғау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осыған орай түрлі кездесулер, дәрістер, әңгімелер мен интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сейсенбі күні қаладағы бес аудандағы меткептерде оқушылармен арнайы кездесулер өтті. Оған прокуратура мен білім саласының өкілдері қатысып, оқушыларға зиянды әдеттердің салдары мен одан сақтанудың жолдарын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар интернеттегі қауіпті контентке қарсы күрес жүргізудің маңызы түсіндіріліп, киберқауіпсіздік ережелері талқыланды. Мамандардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың өмірлік ұстанымдарын дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді.

-Біздің мектеп халық тығыз орналасқан ауданда орналасқандықтан, мұндай алдын алу шараларының маңызы ерекше. Бүгінгі жиында жоғарғы сынып оқушыларына тек нашақорлықтан сақтанудың жолдары ғана емес, сонымен бірге киберқауіпсіздік ережелері де түсіндірілді. Балалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Осындай кездесулер жасөспірімдердің саналы таңдау жасауына және қауіпсіз өмір сүруіне ықпал етеді деп ойлаймын, -дейді Астана қаласының №107 жалпы орта мектебінің директоры Айгүл Базарбайқызы.

«Астана есірткіге қарсы» айлығы алдағы уақытта басқа да мектептерде жалғасып, жастардың салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын ұстануына бағытталған түрлі іс-шаралармен толықтырылады.

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button