Ел тынысы

Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымын ұлғайту мақсатында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды.✔️

Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қазақстанда жүргізілген жоғары деңгейдегі америкалық сауда-инвестициялық миссиясының қорытындысын құптап, еліміз Құрама Штаттардың Орталық Азиядағы негізгі серіктесі саналатынын атап өтті. Қазақстан АҚШ Үкіметімен және іскерлік орта өкілдерімен тиімді ықпалдастық орнатуға бейіл.✔️

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен өткен бүгінгі әңгімелесудің, сондай-ақ Сауда министрі Говард Латникпен, бірқатар америкалық ірі компаниялар басшыларымен кездесудің мазмұнын жоғары бағалады.✔️

АҚШ Сауда палатасының жетекшісі экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтудің айтарлықтай әлеуеті бар екенін растады.✔️

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сюзанн Кларк экономиканың түрлі секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын қарастырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button