Денсаулық

Алғы шептегі дәрігерлер марапатталды

 Астанада Санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлер күніне арналған жиында халық денсаулығын қорғауға өлшеу­сіз үлес қосқан үздік мамандар мен ардагерлер құрметке бөленді. Мерекелік рәсімге ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, мемлекеттік органдардың өкілдері, аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері және санитариялық қызмет ардагерлері қатысты.

Шара барысында санитария­лық-эпидемиологиялық қызметтің елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, сондай-ақ халық денсаулығын қорғаудағы маңызды рөлі кеңінен атап өтілді. Әсіресе, COVID-19 пандемиясы кезеңінде санитариялық-­эпидемиологиялық сала мамандарының атқарған еңбегі ерекше. Олар алғашқылардың бірі болып алғы шепке шығып, індетке қарсы кешенді іс-шараларды ұйымдастыр­ды, нысандардың санитариялық жағдайына қадағалау жүргізді, халықты дер кезінде ақпараттандыруды қамтамасыз етті.

Бүгінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің міндеттері кең ауқымды қамтиды. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, ауыз су мен тағам өнімдерінің сапасын бақылау, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – олардың күнделікті жұмысының бір бөлігі ғана. Сонымен қатар эпидемиологиялық қадағалау, санитария­лық-ағарту іс-шаралары және халық арасында гигиеналық дағдыларды қалыптастыру да басты басымдықтар қатарында.

Салтанатты шарада халық денсаулығы жолында көп жылдар бойы аянбай еңбек еткен мамандарға құрмет көрсетілді. Барлығы 400-ден астам санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлер мен ардагерлер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button