Құқық

Есірткісіз қалаға қалай айналамыз?

Астанада нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз елорда» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Кешенді жоспар жастармен қатар ересектерге психобелсенді заттарды қолданудың салдарын, есірткіден аулақ болуды түсіндірумен маңызды.

«Астана жастары» жастар ресурс­тық орталығының маманы ­Олжас Амангелдінің айтуынша, ақпараттандыру деңгейін, нашақорлық проблемасына көзқарасты және профилактикалық жұмысқа қажеттілікті анықтау мақсатында 1 000 жасөспірім мен жас азамат арасында сауалнама жүргізіліп, өмірдің қиын кезеңдерін бастан кешіріп жүрген жас буын өкілдерімен 10 терең сұхбат жазылды.

– Жобада көрнекі және көркем коммуникацияға ерекше назар аударылады. Шығармашылық бастамаларды іске асыру шеңберінде көше арт-объектілерін құру үшін аэрозоль бояулары сатып алынды. Жобаның негізгі бағыттарының бірі – интернет-кеңістіктің цифрлық мониторингін іске асыру болды. Осы жұмыс шеңберінде есірткі контенті бар 1000-нан астам интернет-сілтеме жүйелі түрде анықталып, олардың жұмысына талдау жүргізілді. Анықталған материалдар «КиберНаркоРеестр» мамандандырылған базасына енгізілді және кейіннен бұғаттау үшін уәкілетті органдарға жіберілді, бұл желіде тыйым салынған ақпараттың қолжетімділігін төмендетуге ықпал етеді, – деді маман.

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша еріктілер қызметі белсенді дамып келеді. Олар ай сайын қалалық еріктілер штабы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп бейнебақылау жүйе­сімен қамтылмаған жерлерде есірткі жарнамаларын бояу бойынша акция­лар өткізеді. Ағымдағы жылдың басынан бастап елордадағы алты ауданда осындай 20-ға жуық іс-шара өткізіліп, тыйым салынған заттардың жарнамасы бар 50-ге жуық жазба жойылды. Жыл соңына дейін 100 есірткі граффитиін жою мақсатында тағы 30 іс-шара өткізу жоспарлануда. Бұл ретте ақпараттық жұмысқа ерекше назар аударылып, есірткінің зияны және тәуелділіктің алдын алу әдістері туралы мәліметтерді қамтитын 8 000 ақпараттық-ағарту буклеттерін тарату көзделіп отыр.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button