Ел тынысы

Қазақстан шетелдіктерге жұмыс істеуге виза бермек

Бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау аясында шетелдік студенттер мен мамандарға арналған жаңа виза режимдерін енгізу жоспарланып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Министрдің айтуынша, С9 санатындағы көп мәртелік электронды виза шетелдік студенттер үшін жаңадан қарастырылады. Бұл шешім Қазақстанда білім алуға ниетті шетелдік азаматтар үшін елге кіру және қайта келу үдерісін едәуір жеңілдетпек.

Сонымен қатар біз жұмыс істеуге рұқсат беретін жаңа виза түрін енгізуді ұсынып отырмыз. Ол халықаралық аккредитациясы бар университеттерді тәмамдаған шетелдік түлектерге арналған. Бұл виза олардың Қазақстанда мансап бастауына және еліміздің экономикасы мен ғылымын дамытуға үлес қосуына жол ашады, — деді Саясат Нұрбек.

Министр атап өткендей, көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы аясында сұранысқа ие салалар бойынша (ғылым, білім, технологиялар) шетелдік білікті мамандар мен этникалық қазақтарға да арнайы визалар беру қарастырылуда.

Саясат Нұрбек халықаралық тәжірибені мысалға келтіре отырып, мұндай бастамалардың өзге елдерде де сәтті қолданылып жатқанын атап өтті:

  • Канадада шетелдік түлектерге 1 жылдан 3 жылға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы рұқсат бар;
  • Дубайда үздік студенттерге «Алтын виза» ұсынылады;
  • Мәскеуде студенттерге әлеуметтік және білім беру жеңілдіктерін қамтитын «Мәскеулік карта» жобасы іске асқан.

Қазақстан да осы озық тәжірибелерді енгізу арқылы білім беру саласының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді, — деп түйіндеді министр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button