Ел тынысы

Үш ауысымды мектептердің саны төрт есе қысқарды

Соңғы жылдары Қазақстанда балалардың білім алуына заманауи жағдай жасау бағытында елеулі ілгерілеу байқалды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бері 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200 мектеп салынды. Тек 2023–2024 жылдары 510 мың орынға арналған 422 жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Осы шаралардың нәтижесінде еліміздегі үш ауысымды мектептердің саны 4 есе, апатты мектептердің саны 2 есе азайды, ал оқушы орындарының тапшылығы 4 есе қысқарды.

Мемлекет заманауи және қолайлы білім беру ортасын құру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Жаңа оқу жылының қарсаңында өңірлерде 115 мың оқушыға арналған тағы 83 жаңа мектеп ашылды, оның 57-сі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Жаңа мектептердің пайдалануға берілуі Шымкент, Алматы қалаларында, Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстарында үш ауысымды оқыту мәселесін толығымен жоюға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта елімізде 3000 мектеп бір ауысымда, 5000-нан астам мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Жыл соңына дейін 140 мың орынға арналған тағы 111 мектептің құрылысы аяқталады.

Жоғарыда аталған жобалардың жүзеге асырылуы еліміздің көптеген өңірлерінде үш ауысымды оқытуды жоюға және қосымша 150 мың орын тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді.

2025–2026 оқу жылында елімізде жалпы сыйымдылығы 267 мың оқушыға арналған 232 жаңа мектеп салынады. Сонымен қатар 245 мектеп жаңғыртудан өтеді, тағы 1000 ауыл мектебі модернизацияланады, ал 680 мектепке 1100 заманауи пәндік кабинет орнатылады.

Республикалық білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы да жаңартылуда. Түркістандағы «Білім-инновация» лицейінде және Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде жөндеу жұмыстары аяқталды, Алматыда «Абай Ұлттық мектебі» жаңа ғимараты құрылысының аяқталуы жоспарлануда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button