Қоғам

«Елорда туры» мәресіне жетті

Астанада 25-27 тамыз күндері жасөспірімдер арасында велоспорттан ашық қалалық чемпионат – «Елорда туры» өз мәресіне жетті. Жарыс елордалық жас талантты велошабандоз Құтжан Бағланды еске алуға арналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Үш күнге созылған додаға елордалық велоспорт мектебінің 100-ден аса тәрбиеленушісі қатысып, жекелей және топтық сында бақ сынады. Жарыс Үркер (Ильинка) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында өтті.

Іс-шараға Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада жүлдегері Василий Левит қатысып, жас чемпиондарды құттықтады.

Жарыс жеңімпаздары:
11-12 жас
• Ұлдар: Алан Васильев, Олег Филатов, Тагир Ташен;
• Қыздар: Сара Баубек, Нұрай Қанатбек, Анастасия Марчевская.

13-14 жас
• Ұлдар: Александр Филатов, Ерсайын Жапаров, Константин Пахоруков;
• Қыздар: Айша Нұрғали, Камелия Қайыржанова, Айым Анарбек.

15-16 жас
• Ұлдар: Мансұр Бралин, Әлихан Жүнісов, Бекзат Бектеміров;
• Қыздар: Валерия Кузнецова, Надежда Ташланова, Аруана Тілеухан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіліп, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, елорданың спорттық дәстүрін нығайтуға серпін бермек.

Жеңімпаздарға медальдар, дипломдар, кубоктар, бағалы сыйлықтар және командалық есепте велосипедтер табысталды. Сонымен қатар жарыс барысында қосымша номинациялар иегерлері анықталып, құрметке бөленді:
• «Ең жас велошабандоз» атағын қыздар арасында Айбике Кунафина, ұлдар арасында Шүйіншібай Әділет иеленді;
• «Белсенді велошабандоз» номинациясымен қыздар арасында Айша Нұрғали, ұлдар арасында Константин Пахоруков марапатталды.

Чемпионат Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының, Астана қаласының велосипед спорты федерациясының және №6 БЖСМОРСМ-нің ұйымдастыруымен өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button