Қоғам

Бас қалада NGS Astana мектебі өз жұмысын бастайды

Биыл жаңа оқу жылынан бастап елордада жаңа білім беру жобасы – NGS Astana мектебі өз жұмысын бастайды. Неліктен бұл білім ордасын NGS желісінің флагманы деп атайды және оқушыларды не күтіп тұрғаны жайлы мектеп өкілдері айтып берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Білім беру мекемесінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл тек мектеп желісін кеңейту емес. Алматыда 7 жылдан бері табысты дамып келе жатқан NGS енді халықаралық стандарттарға сай флагмандық мектепті іске қоспақ.

– Біз заманауи сәулеттік шешімдер, үздік педагогтар, қауіпсіз биометриялық орта, 390-нан астам бейнекамера, жоғары технологиялық зертханалар, цифрлық платформа және жан-жақты дамуға арналған инфрақұрылымды бір кеңістікке тоғыстырып отырмыз. Оның ішінде 25 метрлік бассейн, кәсіби спорт залы, музыка және өнер студиялары бар, – деп атап өтті мектеп өкілдері.

NGS мәліметінше, соңғы жылдары оқушылар олимпиадалар мен түрлі байқауларда 6 мыңнан астам жеңіске қол жеткізген. Әлемнің жетекші университеттерінен 320-дан астам шақырту алған. Жалпы стипендиялар мен гранттардың көлемі 2 миллион АҚШ долларынан асып отыр. 9 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 32 түлек оқуды үздік аттестатпен тәмамдаған.

NGS мектептерінің әрқайсысында күшейтілген академиялық сүйемелдеу мен мазмұнды сыныптан тыс бағдарлама қарастырылған. NGS Astana бұл дәстүрді жалғастырып қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтермек.

Мектептегі оқу күні таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында оқушыларға төрт рет тамақ және үй тапсырмасын орындауға мүмкіндік беріледі, сондай-ақ 40-тан астам үйірмеге қатысуға жағдай жасалған. Бұған қоса, тәлімгерлердің тұрақты қолдауы қарастырылған.

7 жыл ішінде NGS Алматыда пәндік саралау, жеке оқу траекториялары және негізгі пәндерді тереңдетіп оқытуға негізделген жүйе қалыптасты.

Практикалық математика, логика, академиялық ағылшын және қазақ тілдері жетекші шетелдік университеттердің талаптарына сай оқытылады. Олимпиадалық бағыт бастауыш сыныптан бастап дамытылып келеді – оқушылармен халықаралық деңгейде жеңіске жеткен тәлімгерлер жұмыс істейді.

Әрбір ата-анаға баласының жетістіктері, ұсыныстар мен жоғары оқу орнына түсу жоспары көрсетілген Жеке прогресс картасы ұсынылады. Барлық мәліметтер NGSmart цифрлық білім беру экожүйесінде біріктірілген. Бұл бірегей платформада сабақ кестесі, үлгерім, онлайн төлем мүмкіндігі және басқа да қызметтер қамтылған.

Мектеп өмірінде ерекше орын алатын NGS Parents Club – белсенді ата-аналардың қауымдастығы. Олар оқу процесіне атсалысып, балаларға қолайлы ортаны дамытуға бірге үлес қосады.

NGS өкілдері жаңа флагман мектеп білім ордасының басты миссиясын күшейтетініне сенімді. Бұл дегеніміз түлектер қауымдастығын құру және қолдау. Бүгінде түлектер әлемдік университеттерде жетекші орындарға ие болып отыр. Бұл – ұлттық та, жаһандық экономика үшін де маңызды.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырған болатын.

Сурет: NGS Astana

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button