Елорда тынысы

Астананың өндірістік қуаты Үкімет отырысында сөз болды

Қазақстан теміржол техникалары мен оған арналған бөлшектерді шығару өндірісін арттыруда. Осы бағыттағы жобалар Астанада да жүзеге асырылуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және локализацияны тереңдету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда теміржол машинасын жасау саласындағы жобалар іске асырылуда.

Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа өндірістік қуаттарды құру Астана, Екібастұз, Семей қалаларында және Атырау облыстарында жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

Мәселен, биыл қаңтар айында Астанада жылына жүзге дейін жолаушылар вагонын шығаратын «Stadler Қазақстан» зауыты іске қосылды.

«Шығарылған вагондар 2030 жылға дейін келісім-шарт аясында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жеткізілетін болады. Жыл соңына дейін алғашқы 51 вагон пайдалануға беріледі» — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Атырау облысында «Тексол Транс» ЖШС-ның жылына 6 мың жүк вагоны мен цистерна шығаратын зауыты іске қосылды.

«Жергілікті өндіріс үлесін арттыру мақсатында инвестор бөлшек құю зауытын салуды бастады. Онда жылына 60 мың тоннаға дейін детальдар құйылмақ. Зауыттың іске қосылуы 2027 жылға жоспарланған», — деп атап өтті министр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button