Әлеумет

Болашаққа бағдар қандай?

Астанадағы Назарбаев университетінде дәстүрлі қалалық Тамыз форумының аясында педагогтерге арналған панельдік сессиялар өтті. Биылғы басқосуда педагогтердің кәсіби дамуы білім берудің сапалы кілті ретінде қарастырылды.

«Педагогтердің кәсіби дамуы: болашаққа бағдар» атты панельдік талқылауларға колледж директорлары мен орынбасарлары, Білім басқармасының өкілдері, бизнес қауымдастығы мен салалық бірлестіктер, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар қатысты.  Олар оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу, цифрлық сауаттылықты арттыру, жас мамандарды қолдау және педагогикалық тәлімгерлік тәжірибелерін ортаға салды.

Сонымен қатар форумда білім беру жүйесіне жасанды интеллектінің ықпалы кеңінен талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, ЖИ педагогтің орнын баспайды, керісінше оның жұмысын жеңілдетіп, оқушылармен сапалы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

BilimLand компаниясының контент әзірлеу әдіскері Ақбота Ақжанова өз баяндамасында мұғалімдердің кәсіби өсуіне арналған BilimUstaz платформасының мүмкіндіктерін таныстырды. Онда жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, мұғалімдерге сабаққа дайындалу, тапсырма әзірлеу, жоба ұйымдастыру сияқты жұмыстарды жеңілдету жолдары ұсынылған.

Ал Astana Polytechnic колледжі директорының орынбасары Әсем ­Исмайлова оқу орнының Erasmus+, Coursera, FutureSkills сияқты халықаралық платформалармен әріптестік орнатқанын ерекше атап өтті.

Тамыз кеңесі білім берудің болашағы – педагогтің кәсіби дамуы мен инновацияларды енгізуде екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button