Әлеумет

Елордалық құтқарушылар балалар қауіпсіздігі үшін профилактикалық іс-шаралар өткізуде

Елордалық құтқарушылар жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және мектеп жанындағы лагерьлерде кездесулер ұйымдастырылып, олардың барысында балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, рұқсат етілмеген орындарда суға түспеу, сондай-ақ терезеден құлау оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шаралар аясында құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіріп, төтенше жағдайлардың алдын алудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button