Елорда тынысы

Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік турнирі басталды

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында таеквондодан (WT) Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік турнирі басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енген бұл турнир үш жас санатын қамтыды. Жасөспірімдер, жастар және ересектер.
Байрақты додаға Ауғанстан, Армения, Канада, Франция, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Оман, Люксембург, Марокко, Непал, Пәкістан, Палестина, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Тунис, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ елдері және бейтарап мәртебедегі (AIN) спортшылардан құралған
750-ден астам спортшы қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатына Дүниежүзілік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чо, Қазақстандық таеквондо федерациясының президенті Кудрат Шамиев және ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин мен ҚР Туризм және Спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button