Елорда тынысы

Зейнеткерлер «Спорт – елдің мерейі» іс-шарасын өткізді

Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Аталған мереке қарсаңында Есіл ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Спорт – елдің мерейі» атты спорттық іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Нұржол гүлзарындағы субұрқақ жанына белсенді спортшы ата-әжелер жиналды. Аталған шараға оңалту гимнастикасының жаттықтырушысы Хулимат Аубакирова, «Айкүне» қазақ гимнастикасының жаттықтырушысы Гулнар Шинасилова, сондай-ақ, цигун мен скандинавиялық серуен секцияларының жетекші Кама Исенова мен «Жаңа толқын» би клубы бастаған бірқатар спортшылар зейнеткерлер ерекше белсенділік танытты.

Зейнеткерлер салауатты өмір салтын қолдап, мерекелік топтық спорттық билер биледі. Сонымен қатар, үш қатарынан 6 ауданның зейнеткерлері қатысқан «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» атты тоғызқұмалақ турнирі өз мәресіне жетіп, үздіктер анықталды.

Турнир қорытындысы бойынша ерлер арасынан І орынды Раткан Алипбаев (Алматы), ІІ орынды Нұртаза Сакуов (Есіл), ал ІІІ орынды Сарсенбай Каиржанов (Байқоңыр ауданы) жеңіп алды. Әйелдер арасында Гаухар Жанабаева (Есіл) жеңімпаз атанса, қалған ІІ – ІІІ орындарды Жамалхан Тогусова (Нұра) мен Наиля Оразбаева (Байқоңыр) өзара бөлісті. Жеңімпаздарға қаржылай демеушілікпен қолдау көрсеткен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаттықтырушысы, тоғызқұмалақшы Сауле Қаржасқызының шәкірті, жеке кәсіпкер Алибек Сабитов еді. Жеңіске қол жеткізген зейнеткерлерге алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыстады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button