Елорда тынысы

Жылыту маусымына дайындық

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Премьер-­министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы негізгі жылумен қамту нысандарын тексерді.

Энергия көздеріне қатысты 2 қазандық пен 2 турбинаға күрделі жөндеу, ал 18 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Жөндеу жұмысы қатаң түрде кестеге сай жүріп жатыр. Сол сияқты қазіргі уақытта «Астана-Теплотранзит» АҚ аясында қаланың жылу желісінің 1,5 км-ның 1,2 шақырымы жөнделді, ал 4,1 км желі реконструкциядан өтті.

– «QazaqGazAimaq» АҚ-ның ин­вестициялық бағдарламасы аясында газ тарату желісінің 5 учаскесіндегі шеңберлік қосылым құрылысына арналған құрылыс-монтаж жұмысы, сондай-ақ Тельман тұрғын алабы және басқа да аумақтарда ұзындығы 16,3 шақырымды құрайтын төмен қысымды газ тарату желісінің құрылысы жүргізіледі. Осыған дейін 3-ЖЭО-ның бірінші кезеңі, сондай-ақ «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының іске қосылуының арқасында қаланың жылу қуаты 30 пайызға артты. Аталған нысандар қалаға сағатына қосымша 1100 Гкал жылу қуатын беріп отыр, – деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Қала әкімінің айтуынша, биыл «Тұран» станциясының екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Тельман» станциясының құрылысы жалғасып, 2-ЖЭО нысанын кеңейту жұмысы басталады, сол сияқты «Оңтүстік-Батыс» газ жылу станциясының жобалау кезеңі қолға алынады. Осы жобалардың бәрін іске асыру 2035 жылға дейін жоспарланған жылу энергиясы қорын қамтамасыз етуге мүмкіндік ­береді.

Бұдан бөлек, 3-ЖЭО нысанының бірінші кезеңін резервтік отын көздерімен қамтамасыз ету жұмысы жүріп жатыр. 3-ЖЭО табиғи газбен жұмыс істейді және сағатына 440 Гкал көлемінде ең жоғары қуат өндіреді. Берілетін жылу энергиясы елорданың оңтүстік-батыс бөлігінің қажетін өтеуге мүмкіндік береді.

– «Арай» қосалқы станциясының құрылысы жүріп жатыр. Оның іске қосылуы биылға жоспарланған. Бұл қосалқы станция Ұлы дала даңғылы мен Ш.Айтматов көшесінің бойындағы қаланың оңтүстік-батыс бөлігін электрмен жабдықтайды. Сонымен қатар «Астана-РЭК» АҚ инвестиция бағдарламасына 54,6 км әуе және кабель желілеріне, 73 трансформаторлық қосалқы станция мен тарату пункттеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы кіреді, – деді ­елорда әкімі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button