Синоптиктер Астана тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде.
“2025 жылғы 4 тамызда түнде Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі”, – делінген дүйсенбіде “Қазгидромет” РМК сайтында жарияланған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМУ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.
2025 жылдың 4 тамызында Алматы қаласы мен Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды.