Құқық

Жарты жылда Астанада 150 вандал жауапқа тартылды

Елордада вандализм әрекеттері мен қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Кезекті мүлікті бүлдіру оқиғалары астаналық полицейлер тарапынан анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мәселен, 26 шілде күні түнгі сағат 03:39 шамасында Бектұров көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде 19 жастағы жас жігіт мас күйінде ақпараттық стендті жұдырықпен ұрып, әдейі сындырған. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы – «Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Тағы бір жағдайда 45 жастағы қала тұрғыны Toyota Avensis маркалы автокөлікті зақымдаған: капотын, есіктерін және қанатын сырып кеткен. Материалдық залал келтірілді. Құқық бұзушының тұлғасы анықталып, оған да тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.

2025 жылдың басынан бері осыған ұқсас құқықбұзушылықтар үшін 150 адам жауапқа тартылған. Оның ішінде 82 адам қамауға алынып, 68 адамға айыппұл салынған.

«Стоп, вандал!» алдын алу акциясы жалғасуда. Оның аясында күндізгі және түнгі рейдтер, тұрғындармен түсіндіру жұмысы, сондай-ақ волонтерлердің, белсенділер мен танымал спортшылардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Негізгі мақсат – азаматтардың қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және құқықбұзушылықтар санын азайту.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында елордалық полиция мен прокуратура бірлесіп вандализмге қарсы белсенді жұмыс жүргізуде. Бөгде мүлікті әдейі жою немесе бүлдіру үшін 60 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button