Мәдениет

Өзекті мәселелерді қозғаған

Елордадағы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Шығыс Қазақстан облысындағы Ассамблея жастары ұйымының жанындағы «Teatr-ALL» театрының «Qutqar meni» атты психологиялық драмаcы қойылды. Қойылым Шығыс Қазақстан облысынан бастау алатын «Birligimiz jarasqan» республикалық жобасы аясында ұсынылды.     

2023 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Ассамблея жастары ұйымы белсенділерінің бастамасымен құрылған театр қысқа мерзім ішінде жастардың рухани, мәдени және әлеуметтік дамуына ықпал ететін маңызды шығармашылық платформаға айналды. Бүгінде театр құрамында 20-дан астам жас актер бар. Олар қоғамда өзекті болып отыр­ған тақырыптарды сахна арқылы көтеріп, көрерменге ой салуда.

Соның ішінде «Qutqar meni» қойылымы – жастар арасындағы нашақорлық, ойынқұмарлық, отбасындағы түсініспеушілік сияқ­ты өзекті мәселелерді қозғайтын әлеуметтік драма. Қойылым жастар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсету және қоғамда оң көзқарас қалыптастыруды мақсат етеді. Іс-шара жастарды өнер арқылы тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетіп, азаматтық жауапкершілік пен рухани құндылықтарды насихаттайды.

Елордада спектакльді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов тамашалады. Ол күрделі әлеуметтік мәселелерді өнер арқылы шебер жеткізе білген жас актерлерге алғысын білдіріп, олардың батылдығы мен кәсіби деңгейін жоғары бағалады. Зиянды әдеттермен күресте қоғамның бірлігі аса маңызды екенін атап өтіп, театр мен тәрбиелік жұмыстың үйлесімділігі ерекше мәнге ие екенін жеткізді. Театр ұжымына шығармашылық табыс тілеп, Қазақстан халқы Ассамблея­сы атынан спектакльге қатысушыларға алғыс хаттар тапсырды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ, Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button