Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бас қаладағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Алматы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда түрлі саладағы 129 жұмыс беруші 1401 бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Олардың қатарында шағын және орта бизнес, коммуналдық кәсіпорындар, жеке ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, әлеуметтік салалардан ауруханалар, емханалар, әлеуметтік мекемелер, өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету саласындағы компаниялар мен білім беру мекемелері бар. Сондай-ақ жәрмеңке барысында Joltap бағдарламасының өкілдері, қалалық Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, қаржы ұйымдарының мамандары келушілерге жұмысқа орналасу мен қолдау шаралары туралы кеңес берді. Бастапқы 40 минутта жәрмеңкеге 400-ден астам адам келіп үлгерді. Іс-шарада Астана қалалық полиция департаменті 30-дан астам бос орынға өтініш берді, олар негізінен құқық қорғау саласының қызметкерлерін, полицейлерді іздейді. Өндірістік парк кәсіпорындары жұмысшы мамандарды, коммуналдық шаруашылық жұмыс берушілерін, жүргізушілерден бастап басшылық лауазымдарға дейінгі мамандарға зәру.
– Бұл – жыл басынан бергі екінші жәрмеңке. Біріншісі ақпан айында өтті. Біз Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жанындағы Еңбек мобильділігі орталығымен бірге жұмыс істейміз. Жәрмеңке қорытындысы бойынша екі жақтап жұмысқа орналастыру есебі жүргізіледі, – деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Арайлым Елімсарина.
«Зеленстрой» АҚ 30-ға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды, дүкендер мен супермаркеттер сатушылар мен кассирлердің жалпы 120 бос жұмыс орындарын көрсетті. Ал мемлекеттік білім беру мекемелеріне 13-ке жуық педагог, тәрбиеші мен бала күтуші, денсаулық сақтау саласына 10 медбике, 20 санитарка қажет. Президенттің Іс басқармасы 60-қа жуық бос жұмыс орындарына төрт бағыт бойынша өтініш берді.