Ел тынысы
Әлемнің фиджитал спортшылары Астанаға жиналады

Елордада әлемнің түкпір-түкпірінен фиджитал спортшылар жиналады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
2026 жылы Астанада фиджитал-спорттан «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді. 18 шілде мен 1 тамыз аралығында өтетін жарысқа 100-ден астам мемлекеттен 1500-ден артық спортшы қатысады.
«Турнир 2 апта бойы 13 дисциплина бойынша өтеді. Ойындарға елорданың барлық ірі спорт нысандары жұмыдырылады», – деді ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Турнирде ұсынылатын дисциплиналар санаттарға бөлінеді: спорт, техника, тактика, батл.