Ел тынысы

Туризм саласына сілкініс керек

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туристік саладағы тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді.

Онда Премьер-министр­дің орынбасары Ермек ­Көшербаевтың, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың Алакөл жағалауындағы ахуал туралы, сондай-ақ туристік инфра­құрылым, сервис және қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, еліміздің туристік аймақ­тарында жазғы демалыс пен қолайлы жағдайларды ұйым­дастыру жөніндегі баян­дамалары тыңдалды.

Премьер-министр өңір әкімдері мен министрлерге бұл бағыттағы жұмыс­ты күшейтуді тапсырды. Мемлекет басшысы берген ескертулерді жедел жою үшін жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру мақсатында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірлерге жіберіледі. Оның қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды жауап­қа тарту туралы ұсыныс берілмек. Сонымен қатар жиын барысында Алматы тау кластерін дамыту мәселелері қаралды. Бұл жоба аса маңызды инвестиция­лық бастамалар тізіміне кіреді. Бастапқы кезеңде инфрақұрылым жұмыстары жоспарланған, олардың ішінде электрмен, газбен жабдықтау, кәріз желілері мен автожолдар салу, сондай-ақ іргелес аумақтарды абаттандыру және одан әрі жалпы әлемдік деңгейдегі курортты қалыптастыру үшін жағдай жасау. Жоба жазғы инфрақұрылымды дамытуды, орнықты даму қағидаттарын енгізуді, қоршаған ортаның цифр­лық мониторингін және нысандардың инклюзив­тілігін қамтамасыз етуді көздейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button