Қоғам
«Астана – арман қала»

ҚР Президенттік орталықта «Астана – арман қала» мерекелік іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
2025 жылғы 4 шілде күні сағат 11:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында Астана күніне арналған «Астана – арман қала» атты мерекелік іс-шара өтеді. Аталған іс-шара өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін қалыптастыруға бағытталған. Оған Астана қаласындағы №5 «Ақбота» балабақшасының 50 тәрбиеленушісі қатысады.Мерекелік іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдыков ашады.