Мәслихат

Қалдықтар қалай басқарылады?

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден бастаған мәслихат депутаттары тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын басқару бағытында жұмыс істеп жатқан бірқатар нысандар қызметімен танысты.

Қала аумағында қазіргі таңда жалғыз рұқсат етілген қатты тұрмыс­тық қалдықтар полигоны жұмыс істейді. «Алаш» тас жолының 6-шақырымында орналасқан нысанның 2018 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан екінші ұяшығы қазіргі таңда 95%-ға толған. Осыған байланысты қуаттылығы 2,1 млн текше метр болатын үшінші ұяшықты салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

«Солтүстік жота» карьері маңындағы құрылыс қалдықтарын қабылдау және өңдеу алаңы 2025 жылдың өзінде 239 мың тоннадан астам қалдық қабылдады. Жақында болған өртке байланысты нысандағы өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді.

Ал «Astana Recycling Plant» қалдықтарды қайта өңдеу зауытында күн сайын 1 200 тоннаға жуық қалдық сұрыпталады. Мәслихат депутаттарына қалдықтардың ластануы мен бастапқы кезеңде сұрыптаудың болмауы қайта өңдеу тереңдігін шектеп отырғаны, 2025 жылдың соңына дейін зауытты жаңғырту, қосымша желілер орнату және қайта өңдеу деңгейін 10-15%-ға дейін арттыру жоспарланғаны айтылды. Мәслихат депутаттары жүйелі шаралардың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, қалдықтарды бастапқы сұрыптау жүйесін енгізуді, халықты хабардар етуді және инфрақұрылымды жаңғыртуды ұсынды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button