Қоғам

Ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты өтеді

Құрлықтық дода Астанада 4-10 шілде аралығында жастар мен жасөспірімдер арасында болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Құрлықтық додаға 27 мемлекеттен 450-ден астам ауыр атлет қатысады жоспарланып отыр.

Ал Қазақстан құрамасы жарысты ұйымдастырушы ел ретінде толық құраммен жүлде үшін бақ сынайды. Ел құрамасы сапында 30 ауыр атлет бар.

Ел құрамасының аға жаттықтырушысы Альберт Хакимулиннің айтуынша, Азия чемпионатына дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиындары Алматы облысында өтті. Жалпы наурыз айынан бері 6 дайындық жұмысы жүргізілді. Спортшылар күн сайын үлкен ынтамен жаттығып, бар күш-жігерін салып дайындалып жатыр. Ауыр атлеттер жарысқа толықтай дайын деуге толық негіз бар.

Құрама сапы 50 пайызға өзгерген. Азия чемпионаты олар үшін алғашқы халықаралық жарыс болмақ.

Айта кетсек, жарыс Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button