Радиация – негізгі сын қатерлер және оларды шешу жолдары

Радиациялық апаттарға ден қою жөніндегі ведомствоаралық кеңес мүдделі мемлекеттік органдармен өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-қимылдарды үйлестіру, әрекет ету жүйесіндегі бар проблемаларды анықтау және жою Төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, экология және табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы министрліктері мен Атом энергетикасы агенттігі өкілдерінің Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің басшылығымен кездесуінің тақырыбына айналды.
Кеңесті аша отырып Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары полковник А. Советов міндеттерді орындау кезінде ведомствоаралық үйлестіру мен өзара іс-қимылдың маңыздылығына назар аударды.
Кездесудің қорытындысы іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеу және кадрларды бірлесіп оқыту бойынша жұмыс тобын құру болды.