Ел тынысы
1000 мектеп жаңа оқу жылында жаңғыртудан өтеді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда мектептерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жыл сайын кемінде 1000 мектеп жеті бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
2025-2026 оқу жылында робототехника, химия, биология, физика және STEM бағыттары бойынша 1000-ға жуық заманауи пәндік кабинет сатып алу жоспарлануда. 509 мектептің кітапханасын, 375 мектептің асханасын жаңғырту, 598 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу, 409 мектептің жиһаздарын жаңарту жоспарланған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 369 мың оқушының оқу жағдайын жақсарту көзделуде.