Ел тынысы
Су үнемдеу технологиялары 158 мың гектар аумақта енгізілді

2024 жылдан бастап шаруаларға су үнемдеу технологияларын енгізуге, суармалы судың тарифын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ОКҚ алаңында сұхбат берген ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, фермерлер үшін инфрақұрылымды жүргізу кезінде ұңғымаларды бұрғылауға, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.
«Сондай-ақ тариф құнына байланысты суаруға арналған субсидиялардың сараланған мөлшері енгізілді. Лазерлік жоспарлаушы бойынша жабдықтың бір бірлігіне (200 га) ең төменгі норматив бойынша талап жойылды. 2024 жылы лазерлік тегістеу жұмыстары шамамен 58 мың гектарға жүргізілді. Бұл шаралар 2024 жылы шамамен 158 мың гектар аумақта су үнемдеу технологияларын енгізуге мүмкіндік берді», – деді спикер баспасөз конференциясында.