Қоғам

Елордалық параспортшы халықаралық турнирде қос медаль жеңіп алды

Астаналық параспортшы Александра Степанова халықаралық турнирде екі бірдей қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Чехияның Острава қаласында үстел теннисінен өткен ITTF World Para Future халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Ауқымды додаға 35 елден 185 спортшы қатысты.

Аталған бәсекеде Қазақстан атынан қатысқан Астана қаласының спортшысы Александра Степанова үздік өнер көрсетіп, елорданың қоржынына екі қола медаль салды. Ол аралас және әйелдер жұптық санаттарында жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, астаналық параспортшылар Балзия Таш пен Гүлмира Қайдасова да тартысты ойын үлгісін көрсетіп, плей-офф кезеңіне дейін жетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button