Ел тынысы

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу-қону жолағы уақытша жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Уақыты: 2025 жылғы 1-4 қыркүйек аралығы, 2025 жылғы 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін.

Көрсетілген күндері күн сайын Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұшу-қону жолағы ұшақтардың ұшып-қонуы үшін жабық болады.

2025 жылғы 5–7 қыркүйек аралығында ұшу-қону жолағы қалыпты режимде жұмыс істейді, рейстер жоспар бойынша орындалады.

Осыған байланысты рейстердің кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Жолаушылардан рейске қатысты өзекті ақпаратты авиакомпания өкілдерінен алдын ала нақтылап алуды сұраймыз.

– Жөндеу жұмыстары аэродром инфрақұрылымын жоспарлы түрде жаңарту шеңберінде жүргізіледі және бұл әуе тасымалының қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ жолаушылар мен авиакомпанияларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған, – делінген хабарламада.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button