Елордада спорттық журналистика бойынша семинар өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы 30 маусымда «Қазақстанның спорт журналистикасы: дәстүрден цифрлық трансформацияларға дейін» атты спорттық журналистика бойынша семинар өтетінін хабарлайды. Курс аясында аналитикалық және шолу материалдарын дайындау ерекшеліктері, спорт журналистикасындағы жасанды интеллектінің рөлі, БАҚ-тың спортшы имиджіне әсері, танымал спортшылармен сұхбат жүргізу ерекшеліктері және т.б. тақырыптар талқыланады. деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылға арналған Халықтың медиасауатын дамыту және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттыру жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.
Спикер ретінде «Qazsport» телеарнасының өкілдері сөз сөйлейді.
Іс-шара өтетін мекенжай: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, Қазмедиа орталығы, 4-қабаттағы коворкинг.
БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/TkXMhMrLUiMXt1Eh7
Барлық сұрақтар бойынша +7 7172 740186 байланыс телефонына хабарласуға болады.