Қоғам

Әр ағаштың QR коды болады

Астана қалалық мәслихатының жоспарлы отырысында елордадағы жолдар мен жасыл желектерді цифрландыру мәселесі қаралды.

2023 жылы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы және «ҚазжолҒЗИ» АҚ арасында қала көшелері мен жол жүйесін паспорттау жұмысына келісімшарт жасалған болатын. Цифрландыру нәтижесінде барлық автожолдар, жол құрылғыларының тізімі жасалып, олардың техникалық мінездемелері, жолдардағы инженерлік құрылғылар (жол белгілері, бағдаршамдар, шектеулер және т.б.), жолдың негізгі элементтері, жөндеу жұмысының тарихы бірыңғай базаға енгізілді. База сараптауға да мүмкіндік береді. Астанадағы жасыл желекті инвентаризация және зерттеу нәтижесі бойынша 2022 жылы «Жасыл желек реестрі» порталы жасалды. Былтыр портал жетілдіріп, ­www.­­­e-dendra.kz сайты ашылды. Сол арқылы тұрғындар қаланың қай жерінде көшетханалар орналасқанын біле алады, сұрақтар жолдап, қосымша ақпарат ала алады. Қалада әр ағашқа, бұтаға электронды төлқұжат жасалған.

– Әр ағаш дербес QR-кодына ие болады. Бұл олардың күтімі мен жағдайын қадағалауға көмектеседі. Отырыс барысында бірқатар өзекті мәселелер де көтерілді. Атап айтқанда, ағаштарды суару мәселесі, өкінішке қарай, барлық учаскеде бұл жұмыс жүйелі жолға қойылмаған. Аталған проблемалар назарға алынып, жауап­ты құрылымдармен бірлесе отырып, шешу жолдары қарастырылады. Қаладағы жасыл желектің күтіміне қатысты сұрақтар көп. Өкінішке қарай, уақытында суару мәселесі толық шешілмеген. Жиналыс нәтижесі бойынша хаттама бекітіліп, орындалуы біздің қадағалауда болады, – деді Астана қалалық мәслихатының төрағасы Кендебай Адамбек.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button